Bugin

Жұмыссыздыққа байланысты төлемді қалай алуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

71 мың қазақстандық жұмыссыздыққа байланысты төлем алған. Бұл туралы Bugin.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма төлемдердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қарастырылғанын атап өтті. Бұл ретте биыл 63,7 мың адам алғаш рет төлем алған.

- eGov.kz порталына кіру;

- «Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдау;

- барлық сұрақ жолағын толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ қол қою арқылы өтінімді жіберу;

- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

- жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде адамға қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушіге хабарласады).